Бармақ басты, көз қысты. Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы мен екі өңірде ТЖД бастығы жемқорлыққа жол берген

1682
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанда Төтенше жағдайлар министрлігі өртке қарсы қызмет комитетінің басшысы мен бірнеше жоғары лауазымды тұлғалар қамауға алынды, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне сілтеме жасап. 

Ресми мәлімдемеде:

«Астана қаласының ауданаралық тергеу соты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасына, Шымкент қаласы және Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшыларына қатысты «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда “күдікті” деп танылған тұлғалардың өзге де сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қатыстығы тексеріліп жатыр.

«Олар кәсіпкерлерден өрт қауіпсіздігі саласындағы меценаттық қызметі үшін жүйелі түрде пара алды, тексерілетін ұйымдарды келісім-шарт жасасу арқылы олардың қызметтерін сатып алуға мәжбүрледі, сондай-ақ олардың ақысын уақтылы төлеуді қамтамасыз етті деген күдікке ілінді. Пара сомасы 100 мыңнан 4 миллион теңгеге дейін болған. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп мәлімдейді.

Пікірлер