Ойнап сурет салған. Түркістан облысында зираттағы бейнелердің боялған видеосы тарады

2223
Adyrna.kz Telegram

Кентаулық жасөспірім жергілікті зират басындағы құлпытастарды бояп тастады, деп хабарлайды "Адырна" порталы. Жағдайға қатысты министрлік мәлімдеме жасады.

Әлеуметтік желіде "вандализм көрінісі" деп таралған видео жарияланды. Бейнеден мазараттардағы құлпытас бейнелерінің боялғанын, сондай-ақ үстелдерге ұятсыз сөздер жазылғанын байқауға болады.

Суреттерді салған 11 жасар бала екені белгілі болды. Жасөспірімнің әкесі ұлының әрекетіне өкініш білдіріп, кешірім сұрады.

Қазіргі уақытта барлық мән-жай анықталуда.

Пікірлер