Талдықорғанда екі құрылысшы биіктіктен құлап, көз жұмды

2290
Adyrna.kz Telegram

Талдықорған қаласындағы жаңа ықшам аудандардың бірінде құрылыс жұмыстарының барысында екі жас жұмысшы абайсызда құлап кеткен. Бұл туралы Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

 Оқиға облыс орталығындағы жаңадан салынып жатқан үйлердің бірінде болған. Жұмыс барысында бірден екі құрылысшы 5 қабаттан абайсызда құлап кеткен. Жігіттер оқиға орнында көз жұмды.

Қаза тапқан жігіттің біреуі небәрі 24 жаста болған. Артында әйелімен жаңадан туған 2 айлық нәрестесі қалды.

Тергеу жұмыстары қалалық полиция басқармасына тапсырылып, прокуратура қызметкерлерінің арнайы бақылауына алынды, - деп хабарлайды Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Пікірлер