Мұражайдан 2 мыңдай жәдігер ұрланған. Директор қызметтен кетті

1515
Adyrna.kz Telegram

Британ мұражайы қоймаларындағы 2 мыңға жуық жәдігер қолды болды. Атап айтқанда, алтын зергерлік бұйымдар мен аса құнды жәдігерлер ұрланған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Би-би-си-ге сілтеме көрсете отырып.

Бұрынғы Ұлыбританияның қаржы министрі, қазіргі мұражай директорлар кеңесінің төрағасы Джордж Осборн Би-би-си арнасына кейбір жоғалған заттар табылғанын хабарлады.

"Біз 2 мыңға жуық жәдігер ұрланған деп ойлаймыз. Бірақ бұл бастапқы санағанымыздағы көрсеткіш", - деді Джордж Осборн.

Сонымен  қатар ол ұрланған заттардың бір бөлігі қалпына келгенін айтты. Бірақ жақ ашып толық, егжей-тегжейлі тіс жара қоймады.

Британ мұражайының директоры Хартвиг Фишер жұмыстан кететінін мәлімдеді. Оған құнды жәдігерлердің ұрланғаны жайлы жандал себеп болып отыр.  Ол 2024 жылы қызметімен қош айтысатынын бұрындары айтып жүрген, алайда бұл жағдай оның ертерек "шешім шығаруына" әсер етті.

Фишер Қамқоршылар кеңесінің шешімін күтіп отыр. Кеңес мүшелері оның орнына уақытша қызмет ететін адам тапқан кезде бірден "тағымен" қош айтыспақ.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер