Тәжікстан президентінің Қазақстандағы жұмыс сапары аяқталды

1572
Adyrna.kz Telegram
Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонның Қазақстандағы жұмыс сапары аяқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстанның мәдениет күндерін ашты және Тәжікстанның халық шығармашылығы көрмесін аралап, арнайы ұйымдастырылған тауарлар көрмесін тамашаларды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі әуежайдан шығарып салды.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі жұмыс сапары аяқталған Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонды әуежайдан шығарып салып, жылы қоштасты",  делінген Ақорда хабарламасында.

Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 2023 жылы 25-26 тамызда Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның Астанаға жұмыс сапарымен келетіні хабарланған болатын. Тоқаев Астана әуежайында Рахмонды қарсы алды. Эмомали Рахмон Қазақстан Президентіне қонақжайлылығы үшін ризашылығын білдірді. Қос елдің президенттері алдымен шағын құрамда, одан кейін кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізді.

Орайы келгенде айта кетейік, 26 тамызда Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон 2022 жылы салынған Астананың Бас мешітіне бас сұқты. Сонымен қатар, қазақстандықтардың ерекше "ықыласы ауған" тауарлар көрмесін тамашалады.

Отандық ақпарат кеңістігінде тауарлар көрмесінің  тұрғындар тарапынан талан-таражыға түсіп, "ханталапай" болғаны қызу талқыланып жатыр.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер