Парламент палаталарының отырысы 1 қыркүйекте өтеді

1203
Adyrna.kz Telegram

Парламент палаталарының бірлескен отырысы 1 қыркүйекте өтеді, деп хабарлайды “Адырна”.

Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов парламент палаталарының бірлескен отырысын өткізу туралы Өкімге қол қойды. Бұл туралы еліміздің заң шығарушы органының төменгі палатасының баспасөз қызметі хабарлап отыр.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2023 жылғы 1 қыркүйекте сағат 11.00-де Астана қаласында шақырылсын», - делінген Мәжілістің баспасөз қызметі таратқан мәтінде.

Айта кетейік, 1 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды деп күтілуде.

Пікірлер