Табиғатқа қарсы қадам. АҚШ пен Кореяға "ескерту жасаған" КХДР Сары теңізге қанатты зымыран ұшырды

1652
Adyrna.kz Telegram

Әлемдегі экологиялық проблемалар ушығып тұрған шақта КХДР Сары теңізге қарай бірнеше қанатты зымыран ұшырып әлек, деп хабарлады "Адырна" ұлттық порталы.

Екі күн бұрын Солтүстік Корея Оңтүстік Кореяға сес көрсетіп, зымыран ұшырды. Бұл қадамын Оңтүстіктегі кәрістердің АҚШ-пен бірлескен әскери жаттығуына жауап ретінде сипаттады.

Оңтүстік Корея әскерінің мәліметі бойынша, зымырандар жергілікті уақыт бойынша сенбі күні, таңғы сағат 4.00 шамасында ұшқан. Қазір Сеул билігі АҚШ-пен бірлесе отырып Солтүстік Корея зымырандарын зерттеп,  ұшқан бөлшектерді талдап жатыр.

Нақтырақ айта кетейік, 31 тамызда КХДР билігі Оңтүстік Кореяның әрекеті "көңілге жақпағанын" хабарлады. Олар барлық ядролық оқтұмсықтарды Оңтүстіктегі кәрістердің тұтас аймағын жойып жіберуге бағыттағандарын жеткізді.

Пхеньян билігі мұны Оңтүстік Корея мен АҚШ армияларының стратегиялық B-1B бомбалаушылары қатысқан әскери жаттығуларына қарсы әрекет деп көрсетті. 11 күнге созылған жиынды "АҚШ-тың ядролық шабуыл жасау жоспарына тең" деп бағалады.

Сонымен қатар,  Солтүстік Корея бір апта бұрын өзінің тыңшы-спутнигін ғарышқа шығаруға екінші рет оқталды.  Дегенмен екінші ұшырылым да біріншісі секілді сәтсіз болды.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер