"Көненің көзі". Бірнеше рет министр болған Тамара Дүйсенованың қызметі өзгерді

2260
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысының Жарлығымен Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

- Мемлекет басшысының Жарлығымен Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, деп хабарлайды "Ақорда".

Тамара Дүйсенова Оңтүстік Қазақстан облысында (қазіргі Түркістан облысы) дүниеге келген. 1987 жылы Ташкент халық шаруашылығы институтын бітірген.

Халыққа Дүйсенованың есім-cойы "Назарбаев дәуірінен" бері етене таныс.

Тамара Дүйсенова еліміздің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігін бірнеше рет басқарды.

Бұл қызметке ол алғаш рет 2013 жылғы маусымда тағайындалып, 2014 жылғы тамызға дейін қызмет етті.

2017-2018 жылдары қайтадан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болды.

2022 жылғы сәуірде Тамара Дүйсенова тағы да Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды.

2023 жылғы сәуірде ол осы лауазымға қайта тағайындалды.

Орайы келгенде айта кетейік, Дүйсенова өзінің тосын мәлімдемелерімен айрықша көзге түсті. Министр болған кезінде

">"Астанаға келетін адамдарды шектеуді дұрыс шешім деп есептейтінін" айтып, кейіннен сөзден жаңылғанын мәлімдеді.

Ал мемлекет басшысының жарлығымен:

Светлана Жақыпова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды.

"Адырна" ұлттық порталы

 

 

Пікірлер