Арман Қырықбаев жаңа қызметке тағайындалды

1533
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігінде ауыс-түйіс жасады, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының өкімімен Арман Қырықбаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Байланыс бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды», - делінген хабарламада.

Арман Қырықбаев - 1976 жылы 20 қазанда Целиноград қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясының түлегі. Халықаралық экономикаға маманданған. Мемлекеттік қызметте, мәдениет және жастар саясаты саласында жалпы 25 жылдан астам еңбек өтілі бар тәжірибелі маман.

"Адырна" ұжымы атынан Арман Оразбайұлын жаңа қызметімен шын жүректен құттықтаймыз! Кәсіби тұрғыда биікке өрістеп, үлкен белестерді бағындыруына тілектеспіз!

Пікірлер