Палуан Бейбіт Ыстыбаев басшылық қызметке тағайындалды

1452
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан Барысын үш рет ұтқан Бейбіт Ыстыбаев Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы, «Спортты олимпиадалық емес түрлері бойынша дамыту дирекциясы» КММ басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Бейбіт Абдрахманұлы Ыстыбаев — Жамбыл облысы, Талас ауданы, Бөлтірік шешен ауылында 1985 жылы туған. 3 дүркін «Қазақстан барысы». Еуразия барысында алтын белдік иеленген.  Жамбыл облысы мәслихатының 7 шақырылым депутаты, «Жекпе-жек» клубының директоры болған.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер