Таиландта қазақстандық жас жігіт қайтыс болды

1121
Adyrna.kz Telegram

18 жастағы қазақстандық жігіт Таиландта қайтыс болды. Бұл ақпаратты СІМ растады, деп хабарлайды "Адырна".

Аралдың солтүстігіндегі Най Янг жағажай аймағында туристің жоғалғаны туралы Пхукет полициясы 1 қыркүйекте хабарлаған еді. ТАСС басылымы жазғандай, жоғалған азаматты ресейлік турист болуы мүмкін деп мәлімдеген. Таиландта қатты толқындар мен жаңбыр болып, ауа-райына байланысты іздеу-құтқару операциясы тоқтатылған.

Өкінішке орай, 3 қыркүйекте таңертең Най Янг жағажайынан азаматтың денесі табылды. Ол 18 жастағы қазақстандық болып шықты.

«Таиландтық құтқарушылар екі күндік іздестіру жұмыстарынан кейін 2005 жылы туған ер адамның денесін судан алып шықты. Марқұмның ата-анасы Пхукетке келіп, анықтау рәсіміне қатысады», - делінген Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінде.

Пікірлер