Әйтеновтен кейінгі әкім. Ғабит Сыздықбеков Шымкент қаласының әкімі болды

1452
Adyrna.kz Telegram
Ғабит Сыздықбеков Шымкент қаласының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған жарлықта:

"Ғабит Әбдімажитұлы Сыздықбеков Шымкент қаласының әкімі лауазымына тағайындалсын", – делінген.

Ғабит Сыздықбеков 1980 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң университетін, РФ СІМ Дипломатиялық академиясын бітірген.

Еңбек жолын 2004 жылы ҚР СІМ Мемлекеттік протокол қызметінің атташесі қызметінен бастаған.

ҚР СІМ Мемлекеттік протокол қызметінің үшінші хатшысы; ҚР СІМ Еуропа және Америка департаментінің үшінші хатшысы, ҚР СІМ Кеңсесі баспасөз қызметінің үшінші хатшысы; екінші хатшысы, ҚР Парламенті Сенатының аппаратында түрлі лауазымдарды атқарған.

ҚР СІМ Азия және Африка департаментінің басқарма басшысы, Франция Республикасындағы Қазақстан Республикасы елшілігінің кеңесшісі, ҚР СІМ Әкімшілік және бақылау департаментінің кеңесшісі болды.

2017-2019 жылдары – ҚР Парламенті Сенаты төрағасының кеңесшісі; ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетімен өзара іс-қимыл бөлімінің меңгерушісі, ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі, Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметтерін атқарды.

2021 жылғы 14 шілдеде Қазақстан Республикасы премьер-министрінің Кеңсесі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

2023 жылдың ақпанынан бастап Үкімет аппараты басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарып келді.

Мұрат Әйтенов Шымкент қаласы әкімі лауазымынан босатылды. Тиісті жарлыққа президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 5 қыркүйек күні қол қойды.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер