Астанадағы аласапыран. Мектеп оқушылары үш ауысыммен оқып жүр (ВИДЕО)

1774
Adyrna.kz Telegram

Журналист Михаил Козачков елордадағы 71-мектептегі шулы жағдайдың видеосымен бөлісті. Білім басқармасы мән-жайды анықтауға тырысуда, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Кадрларда оқушылардың дәлізге сыймай, бір-бірін итере шұбырып жатқанын көре аламыз.

«Мен барлық облыс басшыларына Астанадағы қарапайым 71-ші мектептегі жағдайды көрсеткім келеді. Ол «Хан Шатырдан» алыс емес жерде орналасқан, ал төңірегінде қаптаған тұрғын үй кешендері орналасқан. Нәтижесінде 1200-1500 оқушы оқытудың орнына, бұл мектеп 5 мыңнан астам оқушыны оқытуда. Міне, «Сенсаттар», «Джепарктер» мен «Базистер» жалпы бітпейтін тұрғын үй құрылыстары осыған әкеледі, ақшаны айдалаға шашады, шенеуніктер де аштан өлмейді. Ал балалар зардап шегеді. Құрметті әкімдер! Өтінемін, бұлай етпеңіздер», - деп жазды Козачков.

Бұл мектеп-лицейдің үш ауысымда жұмыс істейтіні белгілі болды. Видеода үшінші ауысым оқушылары мен алтыншы сабақтан кейін шыққан екінші ауысым оқушыларының бір уақытта шығып қалғаны, ал кезекші мұғалімдердің сырт киімдерін беруге үлгермей жатқан сәті түсірілген.

«Бұл мәселені шешу үшін сыртқы киім ілгіштері мектеп қабаттарына қайта бөлінді, осылайша 5 қыркүйектен бастап гардероб мәселесі жойылады», - деп сендірді білім басқармасы.

Білім саласының қызметкерлері қалада оқушылар орындарын құру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын да қосты. Биылғы оқу жылында 11 мектеп ашылады, қазір оның 4-і жұмыс істеп тұр.

Сонымен қатар, қалада «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы жүзеге асырылуда. Осы жоба аясында 2024-2025 жылдар аралығында 90 мың орындық 24 мектеп салынады. Оның ішінде 15 мектеп – «Есіл» және «Нұра» аудандарында салынады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ADYRNA.KZ - Жаңалықтар (@adyrna.kz)

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер