Тоқаев жаңа баспасөз хатшысын тағайындады

1362
Adyrna.kz Telegram

Нұрмұхамед Байғараев президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы болды, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Ақорданың сайтына сілтеме жасап.

«Нұрмұхамед Исманұлы Байғараев Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы болып тағайындалды», - делінген Мемлекет басшысының Жарлығында.

Бұған дейін баспасөз хатшысының орынбасары қызметін атқарған.

Нұрмұхамед Байғараев «Болашақ» бағдарламасының түлегі, 2017 жылы Ұлыбританияның Ланкастер университетінде (MSc of Project Management) магистр дәрежесін алған.

Баспа және электронды БАҚ саласында тәжірибесі бар. «Айқын» газетіне тағайындалғанға дейін «Егемен Қазақстан» республикалық газеті бас редакторының орынбасары қызметін атқарған.

Осы жылдары «Хабар» және «Qazaqstan» телеарналарында продюсер, сценарист және жүргізуші қызметтерін атқарды, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің талдау және стратегиялық даму департаментінің директоры қызметтерін атқарды. Сонымен қатар «Қазақ радиолары» ЖШС бас директорының кеңесшісі, «Айқын» республикалық газетінің бас редакторы болды.

Пікірлер