Алматыда депутаттың баласының арбасын өртеп кеткен адам ұсталды

2236
Adyrna.kz Telegram

Алматыда депутат Бақытжан Базарбектің баласының арбасын өртеп жіберген ер адам ұсталды. Бұл туралы ішкі істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мәліметке сәйкес, жедел іздестіру шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 1991 жылы туған Б. есімді азамат ұсталды. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Еске, 8 қыркүйекте Алматыда белгісіз біреу мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбектің пәтері алдында бесік арбаны өртеп жібергенін хабарлаған едік. Сол кезде Базарбек отбасына белгісіз біреулерден қоқан-лоққыға ұксайтын әрекеттердің басталғанын мәлімдеді.

Қылмыстық кодекстің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша 2 000 айлық есептiк көрсеткiшке (6 900 000 теңге) дейiнгi мөлшерде айыппұл не сол мөлшерде түзеу жүмыстары немесе 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстар, я болмаса, екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ал адамдар тобымен жасалған әрекет үшін жаза бұдан да қатаң болады.

Пікірлер