Үкіметте жылу-энергетика мәселелерін шешудің ұзақ мерзімді жоспарлары бар ма? - депутат

1237
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Мәжіліс депутаты Ерлан Барлыбаев Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға жылыту маусымына дайындығын сұрап, сауал жолдады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Қазіргі жағдайда биылғы маусымдағы оқиғалардың қалай өрбитінін болжау қиын екенін түсінеміз. Сондықтан Үкіметте жылу-энергетика саласындағы қордаланып қалған мәселелерді кешенді түрде шешудің ұзақ мерзімді жоспарлары бар ма? Бар болса бұл жоспарлардың қандай екенін хабарлауды сұраймыз. «Ақ жол» фракциясының бұған дейінгі сауалдарында да бұл сұрақ дәл осылай қойылған болатын, енді белгілі болғандай, сол сауалдарымызға сенімсіз жауаптар алып келіппіз», - дейді депутат.

Сондай-ақ, ол  «Ақ жол» фракциясы тарапынан жылу беру маусымына дайындық мәселесіне қатысты мемлекеттік органдарға бірнеше рет сауал жолдағанын, олардан мардымсыз жауап алмағанын айтты.

«Ақ жол» Демократиялық партиясы өткен жылыту маусымындағы коммуналдық апаттардың сабақтарын ескере отырып, өткен жылдың 30 қарашасы мен 21 желтоқсанында үкіметке депутаттық сауал жолдап, 2023 жылдың 18 қаңтарында біз электр энергиясының бұзылуын жою мәселелерін көтергенбіз.

Сонымен қатар, жаңа маусымға дайындық барысында біз осы жылдың 15 мамыры, 14 маусымы және 4 қазанындағы сұраныстарда осы тақырыпты бірнеше рет көтердік, онда қорытындылар жасап, жылу энергетикасын жаңарту және жаңғырту бойынша тұрақты жұмыстарды белгілеуді ұсындық. Біздің өтініштерімізге мемлекеттік органдардың жауаптары ең оптимистік болды, бірақ, өкінішке қарай, аяз басталып кетсе де, бұл оптимизм ақталған жоқ. Енді бүкіл ел жылу беру маусымының жалғасуын тағатсыздана күтуде», - деді Барлыбаев сәрсенбі күні Мәжіліс отырысында.

Еске салайық, күрт суыған бірнеше күннің ішінде Қазақстанның сегіз қаласында бірден жылумен жабдықтау жүйелерінде апаттар болды: Степногорск, Екібастұз, Ақтау, Балқаш, сондай-ақ Теміртау, Риддер, Жаңаөзен және Көкшетау. Атырау мен жартылай Теміртау да сусыз қалды.

Пікірлер