Ең төменгі жалақы 300 мың теңге болуы керек – Ринат Зайытов

3274
Adyrna.kz Telegram
Фото: Telegram / Mazhilis_kz
Фото: Telegram / Mazhilis_kz

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов елдегі ең төменгі жалақы 300 мың теңге болуы керек деп санайды. Бұл туралы ол мәжіліс кулуарында айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Министрліктер есептесін. Меніңше ең төменгі жалақы 300 мың теңге болуы керек, - дейді Зайытов.

Ол  бюджетке салмақ түсірмей, ең төменгі жалақыны көтеруге болатынын айтты.

Сіз ұлттық компаниялардың басшылары, орынбасарлары жылына қанша сыйақы алатынын білесіз бе? Жүздеген миллиондап алады. Неге соны ретке келтірмейді? Мен ненің есебінен көтеруге болатынын шешу үшін түрлі жол тауып беремін. Мен ғана емес, бүкіл депутаттар тауып береді" - дейді ол.

Сондай-ақ, Зайытов бұл мемлекеттің шығынын қысқарту емес, тек сандарды ойнату екенін атап өтті.

Қызметкерлердің санаты деген болады, солардың рұқсат етілген межелері. Соны ретке келтірсе, бұл өз өзінен шешілетін сұрақ. Ақыры қымбатшылықпен күресе алмасақ, біз халықтың табысын көтеріп беруіміз керек, - деді Зайытов.

Айта кетейік, республикадағы ең төменгі жалақы 70 мың теңгені құрайды. Президент келесі жылдың қаңтарынан оның мөлшерін 85 мың теңгеге дейін көтеруді тапсырды.

Пікірлер