Жұбы жазылмас көршілер. Путин мен Ким Чен Ынның кездесуі қалай, қайда өтетіні хабарланды

2206
Adyrna.kz Telegram
Владимир Путин мен Ким Чен Ынның кездесуі Ресейдің Қиыр Шығыс федералды округінде өтеді. Ресей президенті Солтүстік Корея басшысының құрметіне ресми түскі ас береді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков кездесу Ресей Федерациясының Қиыр Шығысында өтетінін мәлім етті.  Сонымен қатар, Песков Ким Ченн мен Путиннің жоспарлары туралы айта келіп:
"Біз кез-келген көршімізбен жақсы қарым-қатынас орнатуға қарыздармыз..." "Бұл толыққанды сапар, екі делегацияның келіссіөздері болады. Осыдан кейін, қажет болған жағдайда, көшбасшылар жеке-жеке пікір алмасады. Сондай-ақ Ресей Президентінің атынан Солтүстік Кореядан келген қонақтың құрметіне ресми түскі ас жоспарлануда", - деді Песков. деп пікір білдірді. 
Ким Чем Ынның пойызы 11 қыркүйек күні кешке Ресей Федерациясына бет алды.
Оңтүстік Корея әскерилері, олардың болжамы бойынша, КХДР көшбасшысы Ресейге келіп жеткенін айтты, деп жазады ABC News.
Солтүстік Корея басшысы шетелге соңғы рет 2019 жылы шыққан, онда Ресейдің Владивостогына барған.

- Ең алдымен Путин мен Ким Чен Ын екіжақты қатынастарды талқылайды. КХДР - біздің көршіміз. Әрине, кез келген көршімізбен тиімді байланыс құруға дайынбыз. Бұл Путиннің қолынан жақсы келеді, - деп сендірді Песков.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер