Алматыда өткен халықаралық этнофестивальде көшпенділер мәдениеті көрсетілді

688
Adyrna.kz Telegram
www.gov.kz
www.gov.kz

Алматылықтар «Ұлы дала – көшпенділер әлемі» этнофестивалінде көшпенділердің жауынгерлік ойындарын, ат спортын және айтыс өнерін көрді. Фестиваль 2-3 қыркүйекте «Боралдай сақ қорғандары» археологиялық саябағында өтті.

Іс-шара қала күніне орайластырылған және «Алматы – Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының мәдени және туристік астанасы» жобасының бір бөлігі болып табылады.
Фестиваль қонақтары Ұлы Дала көшпенділерінің ежелгі мәдениеті мен дәстүрлерін тамашалады. Ол үшін саябақ аумағында 50 киіз үйден тұратын түрлі-түсті этноауыл бар, қазақтың дәстүрлі «алтыбақан» әткеншегі орнатылып, тас диірмені жұмыс істеді.
Бағдарламада көшпенділердің жекпе-жек ойындары, ат спорты өнері, садақшылар арасындағы жарыс, дәстүрді дәріптеушілердің көрме қойылымдары және т.б. бар. Ұйымдастырушылар сонымен қатар, қонақтарға ұлттық тағамдар мен қолөнер бұйымдарын дайындау бойынша байқаулар, шеберлік дәрістерін ұсынды.

Ұлттық тағамдар алаңы ұлттық тағамдардың алуан түрлілігін ұсынады: балқуырдақ, әсіп, бүрмеқарын, үлпершек, балқаймақ бауырсақ, құрт, ет, қымыз, шұбат және т.б.
Фестивальде Әзербайжан, Түркия, Мажарстан (Венгрия), Малайзия, Башқұртстан, Дағыстан, Чувашия, Алтай, Бурятия, Өзбекстан және Қырғызстанның үздік этномузыканттары мен спортшылары өнер көрсетті.

Сонымен бірге, қонақтар жігіттер мен қыздардың ән бойынша жекпе-жегін, армрестлинг, арқан тарту және басқа да ұлттық ойындарын көрді. Кішкентай қонақтар үшін аттракциондар, қуыршақ театры және шеберлік дәрістері бар ойын алаңы орын тепкен.

Пікірлер