Жетісу облысының кәсіпкерлеріне мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау шаралары туралы айтылды

1513
Adyrna.kz Telegram
tinfo.kz
tinfo.kz

Өңдеуші өнеркәсіптің салалық кеңесінің мүшелері облыстың Кәсіпкерлер палатасы алаңында ұйымдастырылған семинар аясында өнеркәсіптік кәсіпорындардың мәселелерін талқылады.

"Жетісу облысы бойынша 500-ден астам өнеркәсіптік кәсіпорын бар, оның 16-сы ірі, 14-і орта. Бүгінгі таңда 80 пайызға жуығы өңдеуші өнеркәсіптің үлесін құрайды. Аккумуляторлық батареялар, темірбетон, электротехникалық, кабельдік бұйымдар және т.б. өндіріс бар," – деп атап өтті Кәсіпкерлік және индустриялық – инновациялық даму басқармасының басшысы Диас Серіков.

Кәсіпкерлермен кездесу барысында "QazIndustry", "QazTrade", сондай-ақ "ҚазЭкспортГарант" даму институттарының өкілдері мемлекеттік қолдау шаралары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

"Бүгінгі таңда біздің институт өнеркәсіп салаларының проблемаларын және оларды шешу жолдарын анықтауда жұмыс жүргізуде, оның қорытындысы бойынша Мемлекет басшысына Ұлттық баяндама үшін ақпарат дайындалады. Мұның бәрі елдегі бизнес-климатты жақсарту үшін жүзеге асырылды. Серіктестермен біз аудит жүргізу мақсатында кәсіпорындарға барамыз. Сапар қорытындысы бойынша цифрлық стратегия дайындалуда. Өткен жылдың қорытындысы бойынша біз жиырмаға жуық кәсіпорынды араладық", - деді "QazIndustry" бизнесті ынталандыру дирекциясының басшысы Арыстанбек Сағиев.

"QazTrade" жобаларды дамыту департаментінің өкілі Бақтияр Сәдабаев интеграциялық процестерде отандық бизнестің мүдделерін қорғау және ілгерілету, шикізаттық емес экспортты дамыту, ритейл және бизнес-қоғамдастықтармен өзара іс-қимыл туралы өткен жылдың қорытындысы бойынша шығындардың орнын толтырған компаниялар туралы айтып берді.

Пікірлер