Президент Қытайдың ірі жоғары технологиялық компанияларының басшыларын қабылдады

1674
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев LY iTECH компаниясының төрағасы Цзэн Фанцинь мен HGTECH Co. Ltd компаниясының төрағасы Ма Синьцянды қабылдады. Бұл туралы Ақорда жариялады, деп хабарлайды ”Адырна” ұлттық порталы.

Мемлекет басшысына тұрмыстық техникалардың, автокөліктер мен смартфондардың қосалқы бөлшектерін шығаратын және инновациялық технологиялар саласында жұмыс істейтін Қытайдың ірі жоғары технологиялық кәсіпорындары жөнінде мәлімет берілді.

Әңгімелесу барысында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және қосалқы бөлшектер мен лазерлік құрылғы өндіру үшін Қазақстаннан сирек кездесетін металдарды тұрақты түрде жеткізу ісін жолға қою перспективалары талқыланды, делінген хабарламада.

Сонымен қатар, еліміздің инновациялық әлеуетін нығайту мәселелері де қарастырылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев екі елдің стратегиялық серіктес екенін, соның ішінде Қытайдың "Бір белдеу – бір жол" жаһандық бастамасы аясында ынтымақтастық орнатқанын атап өтті.

Пікірлер