Ауыр қылмыс жасады деп айыпталған қазақстандық шенеунік сот залында босатылды

1710
Adyrna.kz Telegram

Сәрсенбі, 13 қыркүйекте Өскемен соты қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп айыпталған Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауының (МСҚБ) басшысы Мәди Отарбаевқа қатысты үкімді жариялады, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі "Мой город"-қа сілтеп. 

55 жастағы шенеунік 361-бап «Билікті асыра пайдалану» бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, төрт жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Сонымен қатар, сот Отарбаевқа өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салды.

Іс материалдарына сәйкес, сотталушы қылмысты 2016 жылы ШҚО құрылыс және сәулет басқармасының бастығы қызметін атқарған кезде жасалған.

Нақтырақ айтқанда Отарбаевтың қол қойған №1 орындалған жұмыстарды қабылдау актісі негізінде «UK STROY GROUP» ЖШС есепшотына 149 млн.теңге сомасында қаражат аударылды, оның 77,8 млн.теңгесі бюджеттік екені анықталды.  Келтірілген шығын толығымен өтелгені айтылды.

Бұрын хабарланғандай, сот барысында Отарбаевқа ешқайда кетпеу туралы қолхат берілген. Алайда 3 тамызда шенеунік Қордай шекара заставасы арқылы шекарадан өтпек болған кезде ұсталды. Отарбаев Қырғызстанға кетуді жоспарлаған. Содан кейін бұлтартпау шарасы өзгертіліп, қамауға алынды, ал сәрсенбі күні үкім жарияланған соң Отарбаев сот залында босатылды. Енді ол пробациялық бақылауда болып, тұрақты тұрғылықты жерін өзгертпеуі керек.

Үкім заңды күшіне енген жоқ және оған шағым жасауға болады.

БҚО әкімдігінің сайтында Мәди Отарбаев әлі күнге дейін Мемлекеттік сақтандыру компаниясының басшысы ретінде көрсетілген, ал басқарманың өзі шенеуніктің екі ай бойы еңбекке жарамсыздық парағында болғанын бұған дейін мәлімдеген.

Пікірлер