Ер адам екі баласы бар әйелді өлтіріп, үйін өртеп жіберген

4137
Adyrna.kz Telegram

Алматы облысында ер адам екі баласы бар әйелді өлтіріп, үйін өртеп жіберген, - деп хабарлайды "Адырна".  

Жантүршігерлік оқиға Алматы облысы Ащыбұлақ ауылындағы үйлердің бірінде болған. Салдарынан өртенген үйден үш адамның мәйіті табылған. Оқиғаға қатысты Алматы облысы Полиция департаментінің басшысы түсініктеме берді.

Ведомство мәліметінше, 14 қыркүйекте сағат 23:24-те Іле ауданының Полиция басқармасына Ащыбұлақ ауылындағы үйлердің біріндегі өрттен кейін К. мен оның екі кәмелетке толмаған баласының зорлық-зомбылық белгілері көрінетін мәйіттері табылғаны туралы ақпарат түседі.

"Бұл дерек аудандық полицияда ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (Кісі өлтіру) бойынша тіркелді. Қазір күдіктіні анықтау және оны ұстау бойынша жедел-іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Барлық аудандық полиция бөлімшесіне және көршілес өңірлердің Полиция департаменттеріне бағдарлар жолданды", - деді Алматы облысы Полиция департаменті бастығы Бауыржан Әленов.

Пікірлер