Дума депутаты: Бұрынғы КСРО елдері ерте ме, кеш пе, Ресеймен соғысады

2208
Adyrna.kz Telegram

Ресейлік депутат Евгений Федоров КСРО құрамында болған мемлекеттертің одақтан шығуын заңсыз іс-әрекет деп атады. Оның мәлімдемесін «ПУТИН в Telegram» арнасы жариялады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Заңсыз бөлінген республикалардың бәрі ерте ме, кеш пе, Ресеймен қақтығысады не соғысады. Бұл — теория мәселесі. Қақтығыстардың кейбіреуі қазір болмайды, мәселен Беларусьты алайық. Грузия соғысқан, Украина. Бұның Арменияға да қатысы бар.

Біз Кеңес Одағының барлық республикасымен қарым-қатынасымызды заң негізінде қайта құрмасақ, яғни халықаралық талаптарды ескере отырып, олардың қазіргі жағдайы туралы келіссөздер жүргізбесек, бір күні соғысамыз»,—деді ол.

Дума депутатының бұл сөзіне Қазақстан билігі әзірге ештеңе айтпады. Ал Өзбекстан депутаты Одилжон Тожиев Федоровты кезекті қиялшыл адамдардың біріне теңеді.

«Кеңес Одағынан заңсыз түрде шыққан республикалар 14/09 заңын бұзды дейді. Федоров Конституцияның барлық заңнан жоғары тұрғанын түсінбесе керек. Сонымен, КСРО Конституциясының 72-бабында: «Әрбір одақтас республика үшін КСРО-дан өз еркімен шығу құқығы сақталады»,—деп көрсетілген»,— деді Тожиев.

Пікірлер