Алматыда жастар арасында жаппай төбелес болды (ВИДЕО)

2133
Adyrna.kz Telegram

Әлеуметтік желіде Алматы көшелерінің бірінде болған жаппай төбелестің видеосы тарады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Бейнежазба авторының айтуынша, ұлы мен оның екі досын белгісіз біреулер ұрып-соғып, телефонын тартып алған.

Алматы полиция департаменті оқиғаның бейсенбіден жұмаға қараған түні болғанын түсіндірді.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің «Бұзақылық» бабы бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта оқиғаның қатысушылары мен мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары кешені жүргізілуде», - деді басқарма.

<

Пікірлер