Ресей мектептері Калашников автоматын жаппай сатып алуда — БАҚ

2173
Adyrna.kz Telegram

Ресей мектептері алғашқы әскери дайындық сабағы үшін Калашников автоматын, қол гранаталарын және басқа да әскери техникаларды жаппай сатып алып жатыр, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі «Moskow Times» басылымына сілтеме жасап.

2023 жылдың қаңтарынан бастап білім беру мекемелері «өмір қауіпсіздігіне арналған кабинеттерге» құрал-жабдық алу үшін 240 миллион рубльден астам қаражат жұмсаған.

Айта кету керек, алғашқы әскери дайындық пәніне қажет заттарды сатып алу шығыны басқа мектеп пәндеріне керек құрал-жабдықтарды сатып алуға кеткен қаржыдан айтарлықтай асып түсті. Мәселен, орыс мектептері химия пәніне шамамен 64 миллион рубль, физикаға 11 миллион рубль, биологияға 21 миллион рубль жұмсаған.

«Мәскеу мен Мәскеу облысының білім бөлімі әскери техниканы сатып алуға 14 миллион рубль (67,5 миллион теңге) бөлген. Ал Кемеров облысында өмір қауіпсіздігі негіздері пәнінің мұғалімдері соғысқа қатысушылармен алмастырыла бастады. Білім бөлімі АӘД құрал-жабдықтарын алуға 50 миллион рубльден аса қаржы жұмсаған»,—деп жазды басылым.

Келісімшарттардың мазмұны жасырылмаған сатып алуларда білім беру ұйымдарының шамамен 1280 Калашников автоматын сатып алғанын көруге болады. Бұдан бөлек мектептерге 5,45 калибрлі патрондар, қосалқы журналдар, Ф-1 және РГД-5 гранаталарының макеттері, ату тренажерлары жеткізілген.

Пікірлер