"АрселорМиттал Теміртау" ресейлік компанияға беріле ме?

1418
Adyrna.kz Telegram
Фото: liter.kz
Фото: liter.kz

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясын басқа меншік иесіне беру туралы қауесеттерге Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары Вадим Басин түсініктеме берді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Sputnik.kz басылымна сілтеме жасап. 

Ақпарат бойынша, компанияның өзге меншік иелерінің бірі – ресейлік "Северсталь" компаниясы. "Қазақстан" кенішіндегі өрт туралы өткен брифингте Басиннен осы туралы сұраған. Ал Вадим Басин бұл сұраққа сасқалақтап, жалтара жауап берді.

Көптеген қауесет-әңгімелер тарап жатыр. Олар апта сайын өзгеріп отырады. Қазіргі уақытта компания жұмысын жалғастыруда. Компанияның техникалық-экономикалық жағдайында көптеген мәселелер бар. Бірақ қалғанының бәрі компанияның қалай жұмыс істейтініне, қандай шешімдер қабылданатынына байланысты болады. Менің ойымша, күтуіміз керек, - деді Вадим Басин.

Еске салайық, "Қазақстан" шахтасында 17 тамызда D6 көмір баурайында горизонт – 170 метр)конвейер лентасы өртенген болатын. 227 кеншінің 222-сі эвакуацияланды. 13 кенші зардап шекті, бесеуі қаза тапты.

Қазақстанның төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов брифингте өрт 100 % жұмыс берушінің кінәсінен болғанын мәлімдеген болатын. Арнайы құрылған үкіметтік комиссия бірқатар сараптама жүргізгеннен кейін осындай шешімге келді.

Пікірлер