Тарихи сәт. Ризабек Айтмұқан еркін күрестен қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы атанды

5998
Adyrna.kz Telegram
Фото: olympic.kz
Фото: olympic.kz

Еркін күрестен Қазақстан құрамасының өкілі Ризабек Айтмұқан Белградта (Сербия) өтіп жатқан әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ол 92 келі салмақта финалда жеңіске жетті. Шешуші шайқаста әзірбайжандық Осман Нурмагомедов қарсы шықты.

Сондай-ақ, Айтмұқан 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиадаға қатысуға Олимпиада лицензиясының иегері атанды.

Оның үстіне ол еркін күрестен әлем чемпионатын жеңіп алған тарихтағы тұңғыш қазақстандық атанды.

Айта кетейік, бір күн бұрын Азамат Дәулетбеков (86 келіге дейін) қола жүлдеге ие болды. Ол Олимпиада квотасын да жеңіп алды.

Пікірлер