Мектептегі жарылысты жасыру кімге керек болды?

2900
Adyrna.kz Telegram
Фото: Жамбыл облыстық әкімдігі
Фото: Жамбыл облыстық әкімдігі

Тараздағы мектепте жарылыс болып, үш адам 3-қабаттан секіріп кеткен. Жеті адам ауруханаға жеткізілді, оның екеуі қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы Astana телеарнасы жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпаратқа сүйенсек, оқиға 17 қыркүйек күні түнгі сағат 12 жарымда болған. Оны жергілікті билік жасырып қалғысы келгенге ұқсайды. Қазір өрттің неден тұтанғаны анықталуда.

- Өрт болған күні аймақ басшылығы ауруханаға барып, жарақат алғандарға жақын арада аяққа тұрғызуға көмегімізді аямаймыз деп уәде беріпті. Бірақ одан кейін хабарласпаған. Осы күнге дейін ешқандай көмек жоқ. Облыстық әкімдік келіп, жақсылап көмектесеміз, аяқтан тұрғызамыз деген. Әлі ешқандай көмек боп жатқан жоқ Қыздардың жағдайлары қалай болады енді мүгедек те болып қалуы мүмкін ғой, - дейді қала тұрғыны Гүлжан Садықұлова .

Тағы бір қала тұрғынының айтуынша, Астанадан келетін маман ота жасаудан бас тартыпты.

 - Ертерек операциясын жасаса. Міне бүгін үшіншіші күн болды ғой, біз әлі жүрміз осы жерде. Әлі Астанадан келеді, міне жасайды, міне келеді, міне келе жатыр бірақ жоқ хабар. Ал енді қазір айтып тұр Астана отказ берді деп, - дейді ол.

Тараз қаласында жеті мектеп жаңа оқу жылында бітпей қалған еді. Құрылысы кешіккен мектептердің бірі осы. Мердігер жөндеуді тез бітіруі үшін екі ауысымда жұмыс істеткен. Бұл мектептің 1021 оқушысы маңайдағы 3 мектепке бөлініп оқуда. Ал білім ордасында болған жарылыстан барлығы 7 адам зардап шеккен. Оның үшеуі жеңіл жарақат алса, тағы 2-ін күйік шалған. Ал үшінші қабаттан секіріп кеткен екі құрылысшы қыз жансақтау бөлімінде жатыр, - дейді Салима Нарымбетова.

Ал қалалық №1 аурухана бас дәрігерінің орынбасары Сәкен Жұмашев қала әкімдігіне арқа сүйеуде:

 - Қабырғалары сынған, омыртқалары сынған және бір аяғы сынған. Сондықтан қазір оны жылжытып Астанаға самолетке салып жіберуге болмайды. Сол жақтың специалисттері келіп осында операция жасамақшы.

Қала әкімі ешкім жауапкершіліктен қашып жатқан жоқтығын айтып, барлығы көмек көрсетіледі деп отыр.

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков зардап шеккендерге мердігер көмектесетінін айтты.

 - Мердігер жауапкершіліктен қашып отырған жоқ. Зардап шеккен азаматтарға толық көмек көрсетуге дайын. Қыздар емін қабылдап жатыр. Дәрімен басқа нәрсемен қамтамасыз етілген. Болашақта реблитация қажет болатын болса мердігер өз тарапынан сол мәселені шешуге дайын екенін айтты. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етпеген деп танылып, қазір қылмыстық іс ашылды. Әзірге өрттің неден тұтанғаны белгісіз. Тек жарылыстың бояу құтысынан шыққан деген болжам бар, - деді әкім.

Пікірлер