Астанада бала өлтірген күтуші мен оның серіктесіне үкім шықты

1370
Adyrna.kz Telegram

Астанада бала өлтірген күтуші мен оның серіктесіне үкім шықты, деп хабарлайды "Адырна".

Жауапты органның мәліметінше, бұл оқиға былтыр орын алған. Бала күтуші мен оның серіктесі көрсеткен зорлықтан сәби көз жұмған.

Прокуратураның мәліметінше, кінәлілер балаға қарсы қатыгездік қылмыс жасағаны үшін өз жазасын алған.

"2022 жылы бала күтуші мен бірге тұратын көңілдес адамы жас баланы физикалық зорлық-зомбылыққа ұшырату салдарынан оның өліміне әкеп соқты",-делінген ведомство хабарламасында.

Оқиға орын алған сәттен-ақ жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел және объективті тергеп-тексеру қамтамасыз етілді.

«Сотта мемлекеттік айыптаушы бұл тұлғалардың кінәсін дәлелдейтін бұлтартпас дәлелдер келтіріп, сот үкімі бойынша олар тиісінше 17 және 23 жылға бас бостандығынан айырылды», - делінген Астана прокуратурасының хабарламасында.

Үкім қазір заңды күшіне енді.

Пікірлер