“URKER-2023” ұлттық сыйлығының жеңімпаздары анықталды

1560
Adyrna.kz Telegram

«Үркер-2023» баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы ұлттық сыйлықтың он екі номинациясы бойынша жеңімпаздардың есімдері белгілі болды, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.

Журналистика саласындағы  «Үркер-2023» жыл сайынғы жүлдесін марапаттау рәсімі Астанадағы «Қазмедиа» орталығында өтті. Осы жылдың басты ерекшелігі - 12 түрлі номинация. Медиа саласын дамытуға үлес қосып жүрген медиа мамандары үшін үш жаңа номинация қосылды.

Байқауға баспа, радио, интернет-журналистика саласында қызмет етіп жүрген журналистерден барлығы 450 өтінім түскені айтылған еді.
Шорт-листке 48 номинант енді. 12 номинацияның ішінде : «Үздік халықаралық БАҚ», «Үздік подкаст», «Үздік YouTube канал».

Медиа мамандары үшін маңызды іс-шарада ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қатысушыларға ізгі тілегін білдірді.

”Әр жыл сайын «Үркер» сыйлығы жобасының өз жаңалығы болады. Осы дәстүрден айнымай биыл да байқауға жаңа 3 номинация қосылып отыр. Біз әрқашанда жаңа медианың дамуына, креативті индустрияның өркендеуіне қолдау көрсетуді жалғастыра береміз”, - деді ол.

 «Үркер-2023» сыйлығының жеңімпаздары:

1. Жылдың үздік сұхбаты:
Лэйла Тастанова - Time.kz

2. Жылдың үздік репортажы:
Рабиға Дүсенғұлова - Tengrinews.kz

3. Әлеуметтік тақырыптағы үздік материалы:
Амангүл Тілейқызы - El.kz

4. Жылдың үздік журналистік зерттеуі (Сейдахмет Бердіқұлов атындағы арнайы номинация):
Анна Величко - Golos-naroda.kz

5. Жылдың үздік аналитикалық материалы:
Меруерт Сарсенова - Kapital.kz

6. Жылдың үздік жаңалықтар порталы:
Nege.kz

7. Радиостанциядағы үздік жоба:
«Orda FM» - «Zhas STAR» бағдарламасы

8. Жылдың үздік фотосуреті:
Валерий Бугаев

9. Үздік өңірлік БАҚ:
«Сыр бойы» газеті (Қызылорда облысы)

10. Үздік халықаралық БАҚ (баспа радио интернет-журналистика саласындағы):
«Қазақ елі» журналы (Түркия)

11. Үздік подкаст:
«OY-DETOX» - Әйнел Әмірхан

12. Үздік YouTobe каналы:
Абай Сейфоллаұлы - «Abay Live»

Барша жеңімпаздарға «URKER» естелік мүсіні мен бір миллион теңге мөлшеріндегі ақшалай сыйлық табысталды.

Медиа саласында “үздік” деп танылған әріптестерімізді құттықтаймыз!

Пікірлер