Комада жатыр. Астанада оқушы баспалдақ арасына құлап кетті

2334
Adyrna.kz Telegram

Астанадағы №14 мектепте бала баспалдақ арасына құлап, ауыр халде ауруханаға түсті. Бұл туралы "НеМолчиKZ" қоры жариялады, деп хабарлайды “Адырн

Қайғылы оқиға үзіліс кезінде болған. Оқушы бала ашық бассүйек-ми жарақаты, торлы сүйек кеңсірік және маңдай сүйектерінің сынуы, көз ұясының ісінуі және пневмоцефалия диагнозымен жансақтау бөліміне жатқызылды. Ол үш күн бойы комада жатты.

14-мектепте жөні түзу баспалдақ таянышы жоқ. Жедел жәрдем өте ұзақ уақытта келді. Әдеттегідей қабаттар арасына орнатылған камералар жұмыс істемей тұрған. Қазір балаға Қазақстанда емес, тек Түркияда жасалатын ота шұғыл қажет. Ол басынан жарақат алғандықтан, күн сайын көру қабілетінен айырылып жатыр, - деп жазылған.

Мектеп директоры мен сынып жетекшісі қылмыстық жауапкершілікке тартылуы керек деп есептейді.

Пікірлер