ҰҚК Сириядан әкелген қазақстандық лаңкестік бабымен сотталды

1254
Adyrna.kz Telegram
Фото: durbi.kz
Фото: durbi.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сирияда DAESH (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) құрамында болған Қазақстан азаматын ұстады. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Комитеттің хабарлауынша, 2016 жылы Ұлытау тұрғыны отбасымен бірге Сирияға барып, онда ДАИШ (Қазақстанда тыйым салынған) құрамында қалып қойған.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде содырдың шетелде жүрген жерін анықтауға, содан кейін шетелдік серіктестердің көмегімен ұсталып, 2023 жылдың маусым айында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бақылауымен Қазақстанға жеткізуге мүмкіндік туды.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ұлытау облысының тұрғынына қатысты терроризмді насихаттау, діни араздықты қоздыру және лаңкестік топтың қызметіне қатысу фактілері бойынша қозғалған қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізді, - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Ұлытау облысы Сәтбаев аудандық соты ер адамды осы қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танып, 6 жылға бас бостандығынан айырды. 2023 жылдың 22 қыркүйегінде үкім заңды күшіне енді.

Пікірлер