"Қайда екені белгісіз". Бас прокуратура Назарбаеваға қатысты түсініктеме берді

1743
Adyrna.kz Telegram

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Әлия Назарбаеваның қылмыстық жауапкершілікке тартылуы туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Шындалиевтің айтуынша, ол Назарбаеваға қатысты Бас прокуратураға ешқандай арыз-шағымның түспегенін айтты.

«Мен сізге айттым: егер қылмыс құрамына қатысты қандай да бір ақпарат болса, қылмыстық қудалау туралы шешімді қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын тиісті мемлекеттік органдар шығаруы керек, бізде мұндай бірнеше органдар бар: антикор бар, экономикалық тергеу қызметі, Ішкі істер министрлігі. Егер ақпарат келіп, қандай да бір дәлелдер болса, олар шешім қабылдауы керек. Әзірге менде ондай ақпарат жоқ. Оның қайда екені де белгісіз», - деді Бас прокурордың орынбасары Мәжіліс алаңында.

Еске салайық, бұған дейін Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров Атырауда өткен «Аманат» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл республикалық кеңесінің көшпелі отырысында куәгерлер РОП операторының соңғы бенефициары ретінде Әлия Назарбаеваны көрсеткенін мәлімдеген болатын.

 

Пікірлер