Жамбыл облысындағы зауыттан 10 тоннадан астам дизель отыны ұрланды

1571
Adyrna.kz Telegram

Жамбыл облысындағы «Қазфосфат» зауытынан 10 тоннадан астам дизель отыны ұрланды, деп жазады "Адырна" порталы. 

Полицейлер, тергеушілердің айтуынша, Жаңатас қаласындағы «Қазфосфат» ЖШС зауытынан ұзақ уақыт бойы дизель отынын ұрлап келген бір топ адамнан күдіктеніп отыр.

«Аса ірі көлемде жасалған ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тергеу ұрлықты ұйымдастырушы Түркістан облысының 34 жастағы тұрғыны екенін болжайды. Ұсталған азаматтың үйін тінту кезінде 10 тоннадан астам дизель отыны, сондай-ақ жанар-жағармай тасымалдау және айдау үшін пайдаланылған жабдықтар мен көліктер тәркіленді. Сонымен қатар, кесілген шолақ мылтық тәркіленді.

Пікірлер