2 айдан астам уақыт бойы қадағаланған қылмыстық топ қамауға алынды

2657
Adyrna.kz Telegram
Полиция бөлімінің суреті
Полиция бөлімінің суреті

Абай облыстық прокуратурасының басқарма қызметкерлері жүйелі түрде кабель ұрлығын жасады деген күдікпен ірі зауыттардың бірінің жұмысшыларын ұстады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Арнайы бөлімшенің жедел қызметкерлері ұрлық схемасын егжей-тегжейлі анықтау үшін екі ай бойы жедел-іздестіру шараларын жүргізді.

«Жедел іздестіру шаралары аясында полицейлер кабельдердің жүйелі түрде ұрлануын тіркеді. Қылмыстық топ апта сайын зауыт аумағынан 30 метр ток өткізетін көп сымды мыс өзектерін заңсыз алған.Тінту кезінде олардан ұрланған заттар табылып, алынды, - деп хабарлады Абай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабының 2-бөлігі «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл қылмысқа күдікті төрт адам, оның ішінде топ жетекшісі де ұсталды. Төрт айда кәсіпорынға келтірілген жалпы шығын 2 187 068 теңгені құрады.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер