Иракта үйлену тойы кезінде өрт шығып, 100-ге жуық адам қаза тапты

2573
Adyrna.kz Telegram

Ирактың әл-Хамдания аймағындағы Найнава провинциясында үйлену тойы кезінде өрт шықты, деп жазады "Адырна" порталы. Оқиға салдарынан 100 адам қаза тауып, тағы 150 адам жарақат алды.

Деректерге сәйкес, азаматтық қорғаныстың хабарлауынша, өрт үйлену тойында отшашуды қолдану салдарынан туындаған. Шара өткен залда да өрт қауіпсіздігі талаптары сақталмаған. Салдарынан өрт құрылыс кезінде тез тұтанатын және қымбат емес материалдар пайдаланылғандықтан зал бөліктерінің опырылуына әкелді, деп қосты азаматтық қорғаныс.

Ирак премьер-министрі Мұхаммад Шиаа әл-Судани ішкі істер және денсаулық сақтау министрлеріне өрттен зардап шеккендерге көмек көрсету үшін барлық күш-жігерді жұмылдыруды тапсырды.

«Апаттан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін барлық мүмкіндіктер жасалуда», - деді оның баспасөз қызметі.

Бұған дейін Ирактың Дахук провинциясындағы студенттер жатақханасында газ жарылысы болды. Төтенше жағдай салдарынан төрт адам қаза тауып, 20-дан астамы жарақат алды.

Пікірлер