Тоқаев «санкцияларды сынға алып», кедергісіз сауданы қолдайтынын хабарлады

1322
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Германия канцлері Олаф Шольцпен кездесуінде санкциялық текетірестерді айыптады. Сонымен қатар, шектеусіз және кедергісіз сауда-саттықты жақтады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы «Ақордаға» сілтеме көрсете отырып.

- Қазақстан санкциялық текетірестерге қарсы. Өйткені саяси тұрғыда негізделген шектеулер халықаралық қатынастардағы жалпы ахуалға сызат түсіреді және мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың дамуына кері әсер етеді. Сонымен бірге біз аймақтық саясаттағы санкциялық шектеулерді ескеруге мәжбүрміз. Бейбітшілік пен ынтымақтастықтың өзара тиімді формуласын табу үшін сындарлы дипломатияның уақыты келді деп санаймыз, - деді Тоқаев.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы Германиядағы сапарына тоқталып, кедергісіз сауданың жандануын қолдайтынын жеткізді.

- Мен бұл туралы жуырда өткен БҰҰ Бас Ассамблеясы сессиясының мінберінде сөйлеген сөзімде айттым. Қазақстан барлық мүдделі мемлекетпен арадағы кедергісіз сауданы дамытуды және инвестициялық ынтымақтастық орнатуды жақтайды. Құрметті Канцлер, кеше экономикалық ынтымақтастық мәселелері жөнінде Сізбен және Германияның жетекші компанияларының басшыларымен табысты келіссіөз жүргіздім. Мұндай ықпалдастықтың келешегі жарқын болады деп санаймын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер