Ата-анасы діни наным бойынша қан құюға қарсы болған сәби қайтыс болды

1696
Adyrna.kz Telegram

28 қыркүйекте Көкшетау балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде 1,5 жасар сәби қайтыс болды. Оның ата-анасы діни сенімге байланысты баласына қан құйдырмай қойған, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Qazaqstan Media ақпаратына сүйенсек, 24 қыркүйек күні бала «Авиценна-Бурабай» бөлімшесінен көпсалалы облыстық балалар ауруханасының Анестезиология және реанимация бөліміне ауыстырылған.

Дәрігер мәліметінше, бала 2022 жылы туған, 1 жас 8 айлық. Диагнозы – ауыр дәрежедегі екі жақты пневмония. Асқыну сепсис, СПОН (уытты кардит, гепатит, нефрит), екінші дәрежелі кома, церебральды ісіну, көру жүйке талшықтарының ісінуі.

Белгілі болғандай, баланың ата-анасы медициналық көмекке дер кезінде жүгінбеген.  Пациент келіп түскен күні UMC «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының» штаттан тыс бас балалар реаниматологымен кеңес өткізіліп, балаға қан құю ұсынылған. Бұл процедураны жүргізу үшін кәмелетке толмаған баланың заңды өкілдерінің келісімі талап етілген.

 «Адырна» ұлттық порталы
Пікірлер