«Almaty Mount Fest» фестивалі 29 қыркүйекте ашылады

778
Adyrna.kz Telegram
ғаламтордан
ғаламтордан

Жыл сайынғы Almaty Mount Fest тау спорты фестивалі 29 қыркүйек күні сағат 15.00-де Абай алаңында салнататты түрде ашылады. Бұл күні тіркелген спортшылар старттық пакеттерін алып, кейінгі екі күнде таулы жердегі қиындықтарды бағындырып, жеңіске жету үшін бар ерік-жігерін салып, төзімділік пен шыдамдылық танытуы тиіс.

Фестиваль күндері белсенді спортты ұнататындар туриада, downhill, skyrunning және альпиниадада бақ сынап көреді. Белсенді жарыстардан бөлек, алматылықтар мен қала қонақтарына ауқымды мәдени-сауықтық бағдарлама да ұсынылмақ. Бағдарлама аясында ырғақты DJ-сеттері, тақырыптық шеберлік-сағаттары, байқаулар, сонымен қатар тау туризмі гидтері мен нұсқаушыларының білімін жетілдіруге арналған Shymbulak Outdoor Meetings кездесуі ұйымдастырылады.

Жарыстарға және іскерлік Форумға тіркелген қатысушылардың жайлы жүріп-тұруы үшін, әрі 1 қазан күні жолдардың ішінара жабылуына байланысты «Шымбұлақ» ТК тегін автобустар ұсынып отыр. Олар 1 және 2 қазан күндері Абай көшесі мен Достық даңғылының қиылысынан сағат 8:00-ден қатынай бастайды. Оған қоса, Алматы әкімдігі іс-шара өтетін күндері «Медеу» мұз айдынына дейін қатынайтын №12 қалалық автобус бағыттарына қосымша автобустар жібереді.

Almaty Mount Fest 2023 бағдарламасы:
29 қыркүйек 2023 ж.
- Абай алаңындағы салтанатты ашылу рәсімі, старттық пакеттер беру, БАҚ тіркеу;

30 қыркүйек 2023 ж.
- бұқаралық туристік жорық (ТУРИАДА), онда 6 мен 14 жас аралығындағы балалар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арнайы дайындалған бағыттар да бар;
- тау велосипедімен төмен түсу жарысы (DOWNHILL);

1 қазан 2023 ж.
- таулы жерде жүгіру жарысы (SKYRUNNING);
- «Молодежный» шыңына жаппай көтерілу (АЛЬПИНИАДА).

2 қазан 2023 ж.
- «Тау туризмін дамытудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында өтетін халықаралық іскерлік форум;
- салтанатты жабылу рәсімі.

Фестиваль өтетін негізгі жерлер – «Медеу» ТСК мен «Шымбұлақ» ТК. Дүниежүзілік туризм күніне орайластырылған фестиваль 4 күн қатарынан өтеді. Қосымша ақпаратты сайттан алуға болады.

Фестивальге қатысу үшін аккредитациядан өткен журналистер БАҚ арналған бейдждерді 26 қыркүйек Абай алаңында сағат 16:00 мен 19:00 аралығында баспасөз-орталығының қызметкерлерінен ала алады.

Пікірлер