Қазақстанда уахабистерге жағдай жасап отырған билік өкілдері бар – депутат

2503
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Мәжіліс отырысында депутат Ермұрат Бапи теріс ағым өкілдеріне байланысты депутаттық сауал жолдады, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Жиыннан кейін журналистер депутаттан “Сіз депутаттық сауалда "уахабизмнің шоғын ескі Қазақстан үрлеуде" деп айттыңыз. Бұл сөзді қандай негізге сүйеніп айттыңыз?” деп сұрады.

“Оған дәлелдің алыстан іздеп қандай қажеті бар? Кешегі Қазақстанда пайда болған, қазір дамып, өркендеп діни емес, саяси күшке айналған уахабизм, салафизм идеясының негізгі қолдаушылары, дем беріп қаржыландырушылары Қайрат Сатыбалды болды. Мұны жұрт айтып жатыр ғой. Бұдан артық қандай дәлел керек? Ал Қайрат Сатыбалды өзінің ағасының, яғни “Ескі Қазақстанның” қолдауынсыз ешқандай батыл шараға бармайды. Сондықтан да қоғамда осындай пікір бар. Жалпы, Қазақтандағы теріс діни ағымдар шамамен 2002-2004 жылдары Нұрсұлтан Назарбаевтың ишарасы, ымдауымен келген. Себебі уахабизмде “Патшаға қарсы шықпау керек” деген сөз бар ғой. Осының өзі жеке дара билікті қолдаудың құралы ретінде пайдаланылды. Сондықтан да қазір Қазақстанды діни негізде бөлшектеу басталып кетті. Мына жақтан салафизм, уахабизм шықты және екінші жақтан құраниттер қазақ халқын ұлттың деңгейде біріктірмеуге күш салды. Діни негізде бөлшектеп жіберіп жеке дара билік жүргізудің идеологиясын жасады”, - деді ол.

Пікірлер