Жасанды интеллектіні қолдану аясын айқындайтын стратегиялық құжат қажет – Тоқаев

1629
Adyrna.kz Telegram
Фото: Президенттің баспасөз хатшысы
Фото: Президенттің баспасөз хатшысы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада Digital Bridge форумында  жасанды интеллектіні қолдану аясын және оны дамытудың міндеттері мен құралдарын айқындайтын стратегиялық құжат қабылдау керегін айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Президенттің айтуынша, елімізді технологиялық тұрғыда дамытудың бағытын айқындауға мүмкіндік береді.

Ең алдымен, жасанды интеллект технологиясын экономикамыздың мұнай-газ секторы, энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика секілді маңызды салаларына енгізуге мән беруіміз қажет.

Жасанды интеллект қалаларымызды өмір сүруге және жұмыс істеуге қолайлы әрі толыққанды ақылды қалаға (smart city) айналдыру процесін айтарлықтай дәрежеде оңтайландыра алады, – деді ол.

Пікірлер