Бүгін еліміздің 4 өңірінде үсік жүреді - Қазгидромет

1505
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Бүгін еліміздің 4 өңірінде үсік жүреді. Бұл туралы Қазгидромет ел аумағында 16 қазанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Еліміздің басым бөлігі антициклонның әсерінде болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек елдің солтүстігінде,  шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсіп, екпінді жел соғады. Республика бойынша түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі, - деп жазды синоптиктер.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде топырақ бетінде, Қызылорда облысының солтүстігінде, Жамбыл облысының таулы аудандарында, Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында 3 градусқа дейін үсік күтіледі.

Пікірлер