ЕУРО-2024 іріктеуі. Қазақстан Финляндияны жеңді

2554
Adyrna.kz Telegram

17 қазанда Хельсинкиде Қазақстан құрамасы футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу матчында Финляндиямен ойында жеңіске жетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бірінші голды 28-минутта фин футболшысы Тейлор Роберт соқты. Ол айып добын орындап, есеп ашты. Ойын тартысты өтті. Алайда бірінші тайм қазақстандық команданың қарсыластарының пайдасына аяқталды. Екінші тайм тағы да финдердің шабуылымен басталды. Дегенмен жартылай қорғаушы Бақтияр Зайнутдинов 77-минутта есепті теңестіріп, пенальтиден гол соқты.

Одан кейін 90-минутта Зайнутдинов қарсыластар қақпасының алыс бұрышын басымен соққы жасап, қазақстандықтарға тағы бір қуаныш сыйлады.

Кездесу 2:1 есебімен біздің құраманың пайдасына аяқталды.

Қазақстан құрамасының Еуро-2024 іріктеу кезеңінде екі ойыны бар: 17 қараша – Сан-Мариномен, 21 қараша – Словениямен.

Пікірлер