Алматыдағы саябақтардың біріне Ататүріктің есімі беріледі

1292
Adyrna.kz Telegram
Ататүрік
Ататүрік

Алматы қаласындағы саябаққа Ататүріктің есімі берілмек, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтей отырып. 

Алматы қаласындағы саябақтардың біріне Ататүріктің есімі беріледі. Бұл шешімді қала әкімі мен мәслихат депутатары бірлесе қабылдағаны айтылды.

Құжат Ашық НҚА порталында жарияланған.

"Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Әл-Фараби даңғылының оңтүстігі, С.Сейфуллин даңғылының шығысы мекенжайындағы, "Халық банкі" мен "Almaty Theatre" ғимараттарының арасындағы атауы жоқ скверге "Ататүрік сквері" атауы берілсін", – делінген шешімде.

Құжат қала әкімі мен мәслихат төрағасы қол қойып, 10 күн өткен соң күшіне енеді. 3 қарашаға дейін қоғамдық талқылауда болмақ.

Пікірлер