Павлодар облысында жөндеуден өткен мәдениет үйінің шатыры дауыл күні жұлынып қалды

1344
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Павлодар облысында жөндеуден өткен мәдениет үйінің шатыры дауыл күні жұлынып қалды. Бұл туралы әлеуметтік желіде видео тарады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Оқиға Павлодар облысының Шолақсор ауылында болды. 

Жел 40 м/с-қа дейін күшейіп, ғимараттың осы жылы ғана күрделі жөндеуден өткен шатырын зақымдаған.

Мердігер бұзылған мүлікті кепілдік бойынша қалпына келтіруі тиіс. Облыс әкімдігінің хабарлауынша, қайта жөндеу жұмыстары 7 қарашаға дейін аяқталады.

Пікірлер