Қаза тапқан кеншілердің саны 35-ке жетті

1314
Adyrna.kz Telegram

Костенко атындағы шахтадағы жарылыстан қаза болғандар саны 35-ке жетті, деп хабарлайды, "Адырна" тілшісі.

Бұл ақпаратты ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. 29 қазан күні сағат 9:00-де ҚР ТЖМ ресми Telegram арнасында 35 кеншінің қайтыс болғаны, оның 29-ының денесі жер бетіне шығарылса, әлі 11 кеншіден хабар жоқ екенін жазды.

"Авариялық-құтқару жұмыстарына "Кәсіби әскерилендірілген авариялық -құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы" ЖШС Қарағанды филиалының тау-кен құтқарушыларының 10 бөлімшесі жұмылдырылды. Газ жағдайын бақылау жалғасуда",-делінген ҚР ТЖМ таратқан ақпаратта.

 

Пікірлер