Қарағанды облысының әкімі қайтыс болған кеншілердің отбасымен кездесті

1529
Adyrna.kz Telegram
gov.kz
gov.kz

Қарағанды облысының әкімі қаза тапқан кеншілердің отбасына барды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Ермағанбет Бөлекпаев қаза тапқан кеншілердің туыстары мен жақындарының отбасыларына барды. Бұл туралы облыс басшысы Facebook желісіндегі парақшасында бөлісті.

"Бүгінгі күнді қайтыс болған кеншілердің туыстары мен жақындарына барудан бастадым. Оларға көңіл айтып, қолдау білдірдім.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша облыс әкімдігі отбасыларға материалдық қолдау мен жерлеу рәсімдерін ұйымдастыру және өзге де қажетті көмек көрсету шараларын іске асыру үшін жедел тәртіпте жұмыс жасауда. Әр отбасы көтерген мәселелер жекелей шешілетін болады. Бұл мәселе менің жеке бақылауымда.
Мен сіздерді қабылданған шаралар туралы хабардар етіп отырамын",-деп жазды облыс әкімі.

Пікірлер