Белгілі актер футбол клубына директор болып тағайындалды

3284
Adyrna.kz Telegram
Сурет: brod.kz
Сурет: brod.kz

Белгілі актер Рүстем Омаров «Елім-ай» футбол клубының даму жөніндегі директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Амбассадорымыз Рүстем Омаров біздің даму жөніндегі жаңа директорымыз болып тағайындалды. Ол кезінде футболмен кәсіби түрде айналысқан, сондықтан әрбір ерекшеліктерді түсінеді және де біздің клубымызды медиаконтент бойынша ең креативті және жоғары деңгейлі клубқа айналдыру үшін барын салады. Күте тұр, КПЛ, біз осындамыз! Қош келдіңіз, Рүстем!»—деп жазды клубтың баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Рүстем Омаров «Сәке», «Патруль» сынды бірнеше танымал сериалда ойнаған.

Пікірлер