Теннисші Жібек Құламбаева Тунистегі жарыста жеңіске жетті

1270
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жеңіске жетті, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі теннис федерациясына сілтеме жасап.

Жұптық сында жерлесіміз Монастир (Тунис) ITF W25 турнирінде жеңіске жетті.

Қазақстандық спортшы қытайлық Гао Синьюймен бірге финалда Алена Фалей (Беларусь) – Полина Яценкомен (Ресей) қарсы бәсекеге түсті. Бірінші партияда қазақстандық-қытайлық дуэт қарсыластарына есе бермей, есеп 6:0 болды.

Ал екінші сетте белоруссиялық-ресейлік жұп жақсы ойын көрсетіп, есеп 6:2 болды. Шешуші сәтте Құламбаева мен Синьюй жеңісті қолдан жібермеді. Ойын  10:7 есебімен аяқталды.

Жібек жұптық сында жеңімпаз атанды.

Пікірлер